Петропавлдық NIS ұстаздары үздіктер қатарында

Дәстүрлі тамыз конференциясында “Табысты сабақтар панорамасының” нәтижелері жарияланды.
Биыл зияткерлік мектептердің ұстаздары алты бөлім бойынша 133 жоба ұсынды. Үздік кейстердің қатарында Петропавлдық NIS мұғалімдерінің жұмыстары да бар.
Петропавлдың NIS-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Қалиева қостанайлық әріптестері Әсем Исина, Ментай Қозғанбаева, тараздық Алмагүл Өтешева, Талдықорғандық Роза Хусаиновамен бірге “Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих” – “өзекті кейс санатында 1 орынға ие болды. Ұстаздар мемлекеттік тілді үйренуге арналған «ҚазLingua» қосымшасын әзірлеген. Оны смартфон арқылы мемлекеттік тілді үйренгісі келетін кез-келген адам пайдалана алады.

“Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих” – дәлелді кейс санатында үшінші орынды Петропавлдық NIS-тің ағылшын тілі мұғалімі Елена Кийко мен тарих пәнінің мұғалімі Болатхан Жүсіповтың Геймификация арқылы мәтінді талдау дағдыларын дамыту жобасы иеленді.

“Орыс тілі мен әдебиеті, бейнелеу өнері, әл-ауқат, бастауыш сыныптар өзекті кейс санатында болса, Петропавлдық NIS-тің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Елена Машинец пен Ботагөз Артымбаеваның әдістемесі үшінші орынға ие болды. Оқытушылар “Microsoft Office мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олимпиада /жоба сайыстары қатысушыларының даму траекториясын көрсететін маршрут парағын құруды” ұсынды.