Үміткерлерге

Үміткерлер назарына! 

 

2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өткізілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсуге үміткерлерді конкурстық іріктеу тестілеудің нәтижелері белгілі болды. 

 

Тестілеу қорытындысы бойынша: 

 

– «Математика» бөлімінен ықтимал ең жоғары балдың 35%-ын (140 балл) және одан жоғары; 

– «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың 40%-ын (120 балл) және одан жоғары жинаған үміткерлердің материалдары «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберіледі. 

 

«Ескерту» бағанындағы «жіберілді» , «жіберілмеді» сөздері үміткердің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілу деңгейін анықтайды. 

 

Республикалық комиссия тестілеуден ең жоғары жалпы балл (макс. балл – 1500) жинаған үміткерлерге нақты мектептер шеңберінде бөлінген грант саны шегінде грант тағайындау туралы шешім қабылдайды. 

 

Конкурстық іріктеу нәтижелерін көру үшін сілтемеге өтіңіз 

 

https://www.nis.edu.kz/ru/applicants/konkurs-results/?id=10313

Құжат қабылдау 2022 жылғы ақпанның 26-ы 13-00-де аяқталды!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды. 

Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 26 ақпанға дейін жүргізілді

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:

дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақыты: 12.00-13.00-ге дейін

(7 қаңтар мерекелік күн)

 

Комплекстік тесттер 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді

 

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!
2022 жылдың 14-15 сәуірінде кешенді тестілеу өтетінін еске саламыз!
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға ниетті оқушылардың арасында өткізілетін конкурстық іріктеуге 2 күн қалды.
Тестілеуді өткізу уақыты (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша):
1 ауысым үшін (үміткердің рұқсат қағазында көрсетілген)
Тіркеу: сағат 07.00 – 09.30
Бейненұсқаулық: сағат 09.40 – 10.00
Тестілеу: сағат 10.00 – 12.00
2 ауысым үшін (үміткердің рұқсат қағазында көрсетілген)
Тіркеу: сағат 14.00 – 16.00
Бейненұсқаулық: 16.10 – 16.30
Тестілеу: 16.30 – 18.30
Тіркеу орталықтандырылған түрде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 16:01-де жабылады, үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге кіргізілмейді.
Конкурстық іріктеудің бірінші күнінде, яғни 14 сәуірде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді меңгеру қабілеттілігін анықтау бойынша тест өткізіледі. Үміткерлердің «Математика», «Сандық сипаттамалар» және «Жаратылыстану» бөлімдері бойынша білімдері тексеріледі. Ал тестілеудің екінші күнінде, яғни 15 сәуірде үміткерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тест тапсырады.
«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына «Математика» бөлімі бойынша 35% (140 балл) және одан жоғары балл жинаған, «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша 40% (120 балл) және одан жоғары балл жинаған үміткерлер жіберіледі.
Тестілеу кезінде үміткерлер өзімен бірге рұқсат қағазын, қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес) және зат таңбасы жоқ бөтелкеде су алып келу қажет.
Тыйым салынған заттар.
• ұялы телефон
• фото/бейне жабдықтар
• калькулятор
• жазып алушы құрылғы
• құлаққап
• кітаптар
• сөздік
• сызғыш
• блокнот
• циркуль
• маркер
• шимай парақ
• қарындаш пен өшіргіш
• түрлі электрондық құрылғылар (смарт-сағат)
• тамақ пен сусын (судан басқа)
• сөмке
• баскиім
Тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылатының ескертеміз.
Қосымша ақпарат: 8 7152 559722

Зияткерлік мектепке келу күні мен уақытын брондау

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

  1. Зияткерлік мектептің веб-сайтын ашу (веб-сайттардың тізімі төменде көрсетілген);
  2. «Үміткерлерге» / «Конкурстық іріктеу» бөліміне кіру;
  3. «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;
  4. Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау;
  1. Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;
  2. Брондауды растау;
  1. Барлық бөлімдер толтырылып, бронь жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді.

Зияткерлік мектепке келген жағдайда сақталатын санитарлық талаптар

  1. Үміткер мен заңды өкіл (1 адам) Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) кіргізіледі. Мектепке келу кезінде бетперденің болуы міндетті.
  2. Мектеп территориясында көрсеткіш белгілерімен жүріп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
  3. Мектеп территориясына үміткер және заңды өкілмен ілесіп келген басқа тұлғалар жіберілмейді.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, індеттің жұғу қаупін азайту үшін белгіленген санитарлық-профилактикалық ережелерді ұстану, сондай-ақ короновирустық инфекция және ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда мектепке келуді кейінге калдыруды сұраймыз.

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

 

Назарбаев Зияткерлік мектебі Мекен-жайы Телефон Веб-сайт
1 Нұр-Сұлтан ФМБ Хусейн бен Талал көшесі,

21 ғимарат

8 (7172) 57-57-89 ast.nis.edu.kz
2 Нұр-Сұлтан IB Хусейн бен Талал көшесі,

19 ғимарат

8 (7172) 55-80-33  nisa.edu.kz
3 Алматы ФМБ Горный Гигант ықшам ауданы, Жамақаев көшесі, 145, Нұрлыбаев к. қиылысы 8 (727) 331-01-00

331-01-04

fmalm.nis.edu.kz
4 Алматы ХББ Қалқаман – 2 ықшам ауданы, Елібаев көшесі, 2 8 (727) 331-01-07,

331-01-10

hbalm.nis.edu.kz
5 Ақтау ХББ 33 ықшам ауданы, 16 ғимарат 8 (7292) 70-10-66

70-10-61

akt.nis.edu.kz
6 Ақтөбе ФМБ Астана ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 ғимарат 8 (7132) 70-47-80 akb.nis.edu.kz
7 Атырау ХББ Нұрсая ықшам ауданы, 11,

22 ғимарат

8 (7122) 55-85-55 atr.nis.edu.kz
8 Қарағанды ХББ Шахтеров даңғылы, 62 8 (7212) 50-78-55 krg.nis.edu.kz
9 Көкшетау ФМБ Ж. Тлеулин көшесі, 59 8 (7162) 25-31-40 kt.nis.edu.kz
10 Қостанай ФМБ Нұрсұлтан Назарбаев

даңғылы, 239

8 (7142) 39-06-70 kst.nis.edu.kz
11 Қызылорда ХББ Сұлтан Бейбарыс көшесі, 6 8 7242 40-23-75 kzl.nis.edu.kz
12 Павлодар ХББ Ткачев көшесі, 16/2 8 (7182) 66-34-10

66-34-20

pvl.nis.edu.kz
13 Петропавл ХББ И. Ибраев көшесі, 22 А 8 (7152) 55-97-28 ptr.nis.edu.kz
14 Семей ФМБ Қарағайлы ықшам ауданы, 1 8 (7222) 63-22-81,

63-63-50

sm.nis.edu.kz
15 Өскемен ХББ Қ.Сәтпаев даңғылы, 53 8 (7232) 71-27-15 ukk.nis.edu.kz
16 Талдықорған ФМБ Қаратал ықшам ауданы, №47 8 (7282) 400069

8 (7282) 400051

tk.nis.edu.kz
17 Тараз ФМБ Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266 8 (7262) 99-98-56 trz.nis.edu.kz
18 Түркістан ХБН Әкімшілік іскер орталығы,

НЗМ ғимараты

8 702 0663377 trk.nis.edu.kz
19 Орал ФМБ Московская көшесі, 16 8 (7112)24-65-12 ura.nis.edu.kz
20 Шымкент ФМБ Ақжайық ықшам ауданы, Элитный қалашығы, 6 ғимарат 8 (7252) 29-44-88 fmsh.nis.edu.kz
21 Шымкент ХББ Нұрсәт ықшам ауданы, 1А үй 8 (7252) 77-55-33 hbsh.nis.edu.kz

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш (жуктеу) беру;

2) Сауалнама (жуктеу) толтыру;

3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші жартыжылдық табелі қабылданады).

Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа орта білім беру ұйымдарының 7-9 және 11-сыныптарында білім алатын үміткерлердің келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға құқықтары жоқ;

оқу бағдарламасы және бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттар оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.

5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

Фотосурет ақшыл түсті фонда қатаң анфаста орындалады, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, бет пішіні фотосуреттің жалпы көлемінің 75% алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмелеу әдісімен жасалынған суреттер қабылданбайды. Суретке түсіру кезінде бас киім және көзілдірік рұқсат етілмейді. Көздері ашық, анық көрінетін және шашымен жабылмаған. Фотосуреттің көлемі 450х600 пиксельден кем емес рұқсат ету шамасымен 600 пиксель/дюйм (dpi) төмен емес болуы тиіс.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

 

Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:

1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;

2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.