Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары алтын және күміс жүлделерді иеленді

Петропавлдық NIS оқушыларының 3 ғылыми жобасы республикалық деңгейде жүлделі орындарға ие болды. Мектеп оқушылары 100% білім сапасын көрсетті.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыдарына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының соңғы кезеңіне Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінен 3 ғылыми жоба ұсынылған болатын. Білім мен ғылым қатар сыналатын сайыста мектеп оқушылары 1 бірінші дәрежелі және 2 екінші дәрежелі дипломдарға қол жеткізді. Бұл балалардың жоғары білім деңгейін, қажырлы еңбегін, тынымсыз ізденісін, сонымен қатар олардың ғылыми жетекшілерінің жоғары дәрежелі кәсібилігін көрсетеді.

Карина Малик пен Мидина Мизамбаеваның «Меңкесер көлінің сульфидті балшығының негізінде емдік әсері бар денеге арналған косметикалық маскалар жасау» жобасы 2-орынды иеленды. Қыздар “Туған жерге тағзым” жобасының аясында алғаш рет Меңгесер көліне саяхаттап барғаннан кейін оның шипалы балшығын зерттеуге мықтап кіріске болатын. Нәтижесінде олар табиғи косметикалық затқа өол жеткізді. Оқушылардың ғылыми жетекшілері: биология мұғалімі Марина Петерсон мен химия мұғалімі Елена Глебова.

Әлихан Мұратқазы мен Төлеген Жігер «Үстел және топтық ойындардың когнитивтік функцияларды сақтауға және өмір сүру деңгейін жақсартуға әсері» атты жобаны қолға алған болатын. Оқушылар өз болжамдарын дәлелдеу үшін жергілікті қарттар үйіндегі қариялармен тұрақты түрде жұмыс жүргізді. Олардың жобасы 2-орыннан көрінді.
Оқушыларды жетекшісі: жатақхана тәрбиешісі Камшат Бекенова.

Ал Сұлтан Балағановтың “Техника” секциясы бойынша әзірлеген «Smart Trashbot» жобасы 1-орынға лайық деп танылды. Жас құрастырушы өзен-көлдердің жағажайларын түрлі қоқыстан тазартуға арналған машинаның шағын үлгісін әзірлеп шығарды. Бұл құрлығының көмегімен құмды қоқыстан сүзіп шығуға әбден болады. Ал демалушылар қалдырып кеткен қалдықтар сүзгіде жиналып, кейін арнайы қорапқа аударылып отыратындай жасалған. Оқушының жетекшісі: физика мұғалімі Бақыт Такенов.