Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің бишілері үздік атанды

Петропавлдық NIS шәкірттері – “Гәкку” би ансамблінің бишілері музыка және хореография саласындағы “Қазақстан таланттары” ұлттық байқауында өздерінің ерекше таланттарын паш етті.
Музыкалық-хореографиялық жарыс өткен демалыс күндері Ақан сері атындағы облыстық филармонияда өткен болатын. Бұл байқауда жас дарындар екі бірінші орын мен бас жүлдені иеленіп оралды.

Ансамбльдің 50 бишісі қазылар алқасына ұлттық нақыштағы “Ризамын” және “Қараторғай” билерін, сондай-ақ “Connection” қазіргі стильдегі композициясын ұсынды. Осылайша олар сахнада қазақ халқының мәдени мұрасы мен заманауи хореографиялық қимыл-қозғалыстарды бейнеледі. Балалардың биге деген адалдығы, еңбекқорлығы, тынымсыз дайындықтары мен асқан жауапкершілігі ескерусіз қалмады. “Гәкку” би ансамблі екі мәрте 1 дәрежелі лауреат атанып, ең жоғары марапат – гран-приді де иеленді.

Оқушыларды өнер сайысындағы лайықты жеңістерімен щын жүректен құттықтаймыз!