Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде CIS қайта аккредиттеуіне дайындық басталды

CIS аккредиттеу сертификатын мектеп 2019 жылы алды. Келесі оқу жылында петропавлдық NIS білім берудің жоғары стандарттарының сақталуын растауы тиіс.
Қайта аккредиттеудің бірінші кезеңі алдағы оқу жылының басына жоспарланған. Қазан айында оқу орнында CIS халықаралық мектептер кеңесінің өкілі алдын-ала сапармен келеді деп күтілуде.
Бұл күндері мектепте аталған шараға қызу дайындық жүріп жатыр. Мектеп ұжымы петропавлдық NIS-тің дамуындағы маңызды сәттерді талқылады. Ұстаздар SWOT талдауын жасап, мектептің жаңа миссиясы мен көзқарасын дамытудың негізгі факторларын қарастырды.

Айта кетейік, халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – білім беру саласындағы жоғары стандарттар мен соңғы жетістіктерді ілгерілету үшін құрылған әлемдегі белді ұйымдардың бірі. Қайта аккредиттеу бойынша жұмыс 3 кезеңде өтеді. Алдымен CIS өкілдерінің алдын-ала сапары өтеді. Оның қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, мектепте өзін-өзі бағалау кезеңі жүреді. Соңғы кезең – қорытынды сапар. Мектепке қорытынды сапар 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Одан кейін халықаралық қайта аккредиттеу туралы шешім қабылданады.

Халықаралық аккредиттеуді білім беру сапасының жоғары стандарттарын көрсететін барлық елдердің мектептері алады.