Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің 95 пайызы грант иегері атанды 

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің барлық 59 түлегі қалаған жоғары оқу орнына түсті. Балалар оқуларын отандық және шетелдік университеттерде жалғастырады.

Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 түлегі Жапония, Гонконг, Италия, Малазия, Венгрия және Чехияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырулар алды. Мектеп тарихында алғаш рет Камила Беккожина Токио халықаралық университетінің (TIU) грантын иеленді. Ал Олжас Құсайын Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – Гонконгтағы қалалық университеттің толық шәкіртақысын жеңіп алды. Өзге 47 оқушы қазақстандық жоғары оқу орындарына  түсті.

 

– Петропавлдық NIS-тің 16 түлегі еліміздің үздік оқу орны – Назарбаев Университетінің гранттарын еншіледі. 31 оқушымыз (52%) басқа да отандық университеттерде оқуын жалғастырады. Оның ішінде 30 бала мемлекеттік грант иегері атанды. Біздің оқушылардың арасында Назарбаев университеті, Сүлейман Демирель университеті, М. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ,  С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Астана IT-университеті ерекше сұрансқа ие, – деп атап өтті Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиев. 

 

Түлектер түрлі мамандықтарды таңдады. Басым бөлігі (37,2%) инженерлік-техникалық салаға бет бұрды. 15% медицинаға түсті, 14% ғылымды таңдады. Түлектердің 13% экономикалық мамандықтарға оқиды, тағы 7% гуманитарлық мамандықтарды таңдады. 

 

NIS түлектерінің әлемдік үздік жоғары оқу орындарына түсу дәстүрі биыл да жалғасын тапты. Үстіміздегі жылы 2 оқушы үздік 100 QS рейтингіне кіретін университеттерге – 54-орындағы Гонконг қалалық университетіне және 34-орындағы Гонконг Қытай университетіне түсті.

Graduates have chosen different areas of specialties. Traditionally, most of the graduates will master engineering and IT specialties (37.2%). 15% enrolled in medicine, 14% chose science. 13% of graduates will study economics, another 7% have chosen humanities.
There has been a positive trend of admission of NIS graduates to the world’s top universities. This year, 2 students entered universities in the TOP 100 of the QS ranking – City University of Hong Kong, in 54th place and Chinese University of Hong Kong University in 34th place.