Бильярд бойынша жұптық турнир

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мен олардың ата-аналарын біріктірген бильярд бойынша жұптық турнир өтті.
Мектепте мұндай қызықты жарыс жыл сайын өткізіледі. Биыл дәстүрлі іс-шараға оқушылар мен олардың ата-аналарынан тұратын 23 команда қатысты. Турнир қатысушылар үшін тек спорттық мереке ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен балалар арасындағы, сондай-ақ мектеп арасындағы байланысты нығайтып, бекіту үшін тамаша мүмкіндік болды.

Жарыс еркін пирамида жүйесі бойынша ұйымдастырылып, командалардың кездесулерін халықаралық санаттағы төрешілер қарады. Турнирдің бір ерекшелігі – оған тек ұлдар мен олардың әкелері ғана емес, сонымен қатар қыздар мен олардың аналары да ат салысты.

Биыл турнирде 8 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары тамаша ойын көрсетті. Осылайша, Мирасхан Барлубаев пен оның әкесі Ақан Барлубаев үздік атанып, 1 орынға ие болды. Екінші орынды Мәди Марат пен оның әкесі Бейбіт Аяғанов иеленді. Үздік үштікке Ернар мен Бауыржан Мұхаметгалиевтердің командасы кірді. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорына “Ұстаздар” ҚБ атынан спортты дамытқаны және бильярдты өскелең ұрпақ арасында танымал еткені үшін алғыс хат табыс етілді.