Экобелсенді Қайыржан Айсинмен кездесу ұйымдастырылды

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Даналық бейсенбісі» шарасы аясында экобелсенді, «Green help» ҮЕҰ мен «Вторсырье» ЖШС басшысы Қайыржан Айсинмен кездесу ұйымдастырылды.  

 

«Даналық бейсенбісінің» мейманы экобелсенді, бірқатар компаниялардың жетекшісі Қайыржан Айсин бірінші кезекте мектеп оқушыларына қайта өңделетін материалдармен байланысты кәсіпке қалай келгені жайлы айтып берді. Ол бәрі сананы жаңғыртудан басталғанын айтады.

«Work and Travel» бағдарламасы бойынша мен Америкада тұрып, шағын қонақүйде жұмыс істедім. Әр жұмыс аптасының соңында біз пластикалық қалдықтарды, шыны мен банкаларды жинап, жақын жерде орналасқан басқа қалаға апаратынбыз. Супермаркетте арнайы қабылдау пункті болды. Біз барлық жүкті сатып, ақысына сол дүкеннен тауар сатып алатын едік. Кешке мен арнайы пресс орнатылған мейрамханада жұмыс істедім. Бұл құрал қағаз қоқыстарын бастырады. Аптасына бір рет компания қызметкерлері картонды алып кететін. Сөйтіп, Америкада бөлек қалдықтарды жинау механизмімен таныстым», – дейді Қайыржан Айсин. 

Сондықтан туған жерге оралған соң жерлесіміздің қоқысқа деген көзқарасы басқаша болған. Сөйтіп ол қалдықтарды жинау жүйесін құрмақшы болады. Қайыржанның бастапқы капиталы АҚШ-та жинаған 5 мың доллары болол 26 жасында өзінің алғашқы кәсібін бастапты. Пластикалық бөтелкелер, қаптама пленкалары, шыны, пластмасса, картон, макулатура, алюминий банкаларын жинайтын компания осылайшы пайда болды. Қалада қайта өңделетін қалдықтарды жинайтын пункттер құрылды. Сондай-ақ, қоқыс контейнерлерінің жанында пластикалық бөтелкелерді жинауға арналған арнайы қораптар орнатыла бастады. Бүгінде Қайыржан Айсин әлеуметтік кәсіпкерліктің басқа түрлерімен де айналысады. Сонымен қатар ол бірнеше жобаны басқарады.

 

Кездесу барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мейманға түрлі сауалдарын қойып, бұл бағыттағы бизнестің табыстылығы, осы саланың болашағы жайлы сұрап білді. Іс-шараның нәтижесінде студенттер баламалы энергия көздері, қалдықтарды қайта өңдеу, экологиялық бизнестің болашағы зор секторлары туралы көптеген қызықты ақпаратпен қанықты.