Өңірдің өндірістік мекемелерімен танысу

“Туған елге тағзым” өлкетану-зерттеу экспедициясының аясында Петропавл қаласының Нахарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары алдымен қаладағы су жаңа кәсіпорын – “Alageum electric” Петропавл қаласының электр-техникалық зауытын аралады.
Мұнда Өндіріс директоры Нұржан Абдуллаев балаларға трансформатор жасаудың толық циклын көрсетіп, кәсіпорынның даму жүйесімен таныстырды.
– Экпедицияның алғашқы күнінде электр-техникалық құрылғылар шығаратын зауытқа бардық. Бұдан соң, кәсіпорындар туралы көзқарасым мүлдем өзгерді. Бұл мекеменің өзіндік даму бағыты, желісі бар екен. Зауыттың іші тап-таза, барлық құрылғылары заманауы шетелдік компаниялардың өнімі. Бастысы зауыт трансформатор жинақтауда тек отындық тауарды пайдаланып, дайын өнімді алыс-жақын шетелдерге экспорттайды. Бұл біз үшін нағыз жаңалық болды, – деп өз ойымен бөлісті 10А сыныбының оқушысы Мадина Нұрмұқанова.
Сонымен қатар оқушылар облыстағы сүт өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Алдымен балалар “Молсервис” ЖШС-нің мүмкіндіктерімен танысса, кейін “Зенченко и К” КС фермаларын аралады. Қазір мұндағы мал басы 13 мыңға жеткен. Олардың 5 жарым мыңы сауылатын сиырлар. 3 мың бас сүтті ірі қара Новоникольско елді-мекенінің іргесіндегі сүт-тауарлық фермасында күтіп-бапталады. Жақында мұнда 800 басқа шақыталған жаңа корпус іске қосылды. Күнделікті бұл кәсіпорын 130 мың тонна сүт алып, нарыққа жөнелтеді.