“Жас талант” байқауы өтті

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Жас талант 2022” шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың терең білім алып қана қоймай, тұлға ретінде қалыптасып, бойларында тұнып тұрған таланттарын ашуға да мүмкіндіктері бар. Мектепте ұйымдастырылған “Жас талант” байқауы сондай жастарды анықтауға септеседі. Сондықтан бұл шараға 7 және 8-сынып оқушылары көптеп қатысты. Балалар өз өнерлерін “Хореография”, “Вокал”, “Актерлік шеберлік”, “Көркем өнер шығармашылығы”, “Аспаптың өнер” номинацияларында ортаға салды.
Жас жүлдыздар жекелей немесе достарымен, сыныптастарымен бірлесіп ортаға шықты. Бишілер де, әншілер де, өзге номинацияға қатысушылар да өз беттерінше дайындалды. Ал олардың өнерлерін, коcтюмдері мен сахна мәнерін әділ-қазылар алқасы бағалады. Алдағы уақытта түрлі байқауларда мектептің намысын қорғайтын оқушыларға өз бағаларын ұстаздар ғана емес, жоғары сынып оқушылары, осыған дейін түрлі жарыстарда жүлделі орындардан көрінген жоғары сынып оқушылар да берді. “Жас талант” шығармашылық байқауы мектеп қабырғасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрмақ.
Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша бишілердің арасында 7 А сыныбының оқушылары Дамира Өмірзақ, Камила Аманжолова, Айя Джаксылыкова және Дәния Төлеуден құралған “Kepler” би тобы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Жанна Дарменова, Амина Мұстафина және Лаура Утельбаева құрған ансамбльге бұйырды.
Үшінші орынға “Северный ветер” тобының қыздары Дина Маулен, Карина Малик, Аяна Самратова тұрақтады. “Вокал” номинациясында бірінші орынды 8 В сыныбының оқушысы Дария Аманкелді иеленді. Екінші орынға 7 В сыныбының оқушысы Нұржігіт Ғафур және 8 F сыныбының оқушысы Богдан Анопко жайғасты. Ал үшінші орынды “Wonderfour” тобының солистері Сара Алланиязова, Алмаз Мұхамеджанов, Даниял Алланиязов, Айнара Курмаш жеңіп алды. Аспапта ойнаудан 7 А сыныбының оқушылары Аян Ерғали мен Ханбол Біржан бірінші орынды қанжығасына байлады.
Екінші орын 8 В сыныбынан Әділ Нұрлан және 7 С сынбының оқушысы Дамир Жанғожанға берілді. Үздіктер үштігін 8 Ғ сыныбының оқушысы Алмаз Мұхамеджанов тұйықтады. “Актерлік шеберлік” номинациясында 7 В сыныбының оқушысы Айша Сайдболқызы бірінші орыннан көрінді. Екінші орынға 8 С сыныбының оқушысы Дарина Есимова және 7 С сыныбының оқушысы Нұрмұхаммед Серікқазы, ал үшінші орынға 7 А сыныбының оқушысы Гүлім Тұрсын тұрақтады. “Көркем өнер шығармашылығы” номинациясында 8 В сыныбының оқушысы Айдана Жұмабекова бірінші орынды жеңіп алды. 7 С сыныбының оқушысы Анель Оразбекова екінші жүлделі орыннан көрінді. Үшінші орынға 8 В сыныбының оқушысы Алдияр Шопанов тұрақтады.