Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңі

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңінде Петропавл қаласындағы NIS намысын 18 оқушы қорғауда.

Биыл қатысушылардың құрамы біраз жаңарды. Тәжірибелі олимпиадашыларға өз білімін алғаш рет тексеруге бел буған балалар қосылды.
12 сынып оқушысы, республикалық Президенттік олимпиаданың жеңімпазы Аңсар Тлепбергенов бұл жолы химия пәні бойынша бағын сынауда. Оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындағанына сенімді.
— Мен олимпиадаларға өзімнің білім деңгейімді бағалап, басқа мектеп оқушыларымен бәсекелесу үшін және туған мектебімнің намысын қорғау үшін үнемі қатысамын. Тапсырмалар жыл сайын жаңартылып отырады. Бірақ бұл жерде мектеп бағдарламасына қатысты сұрақтар жоқ. Сондықтан олимпиадаға мықты дайындық қажет, — деп бөлісті Аңсар.
Сондай-ақ, олимпиадаға қатысушылар қатарында хакатондар мен ғылыми жобалар байқауларының жүлдегерлері бар. Мектеп оқушылары тек жеңістен үмітті.