Тамирлан Мейрам – Абу-Дабидегі New York университеті грантының иегері

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Тамирлан Мейрам New York University in Abu-Dhabi оқу грантының толық иегері атанды.

Әлемдік озық жоғарғы оқу орнының студенті атану үшін Тамирлан қатаң іріктеу кезеңінен өтті. Жалпы жыл сайын бұл университетте білім алғысы келетін түлектерден 100 мыңдаған өтінімдер түседі.

Абу-Дабидегі New York университетінің гранты 4 жылдық оқу шығындарын, медициналық сақтандыру, жол ақысы мен ай сайынғы стипендияны қамтиды. 

New York University, NYU – Нью-Йоркте орналасқан  АҚШ-тың жекеменшік зерттеуші университеті. Білім ордасы әлемнің атақты әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі. 2020 жылы АҚШ-тың үздік университеттері тізімінен 11 орынға ие болса, Quacquarelli Symonds (QS) әлемдік рейтингінде 35-ші сатыдан көрінді. Ол АҚШ-тағы ең ірі жекеменшік зерттеу университеті болып саналады. ЖОО-да 50 мыңнан астам студент оқиды. Нью-Йорк университеті 16 мектеп, институт және колледждерден құралған.