“Ұрпақтар сабақтастығы” жобасы

“Ұрпақтар сабақтастығы” жобасы аясында Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыстың құрметті азаматы және еңбек сіңірген спорт ардагері Жамбыл Тасеменовпен кездесті.
 Балаларға өз ісінің нағыз майталманымен кездесіп, біраз пайдалы ақпарат алды.
Жамбыл Тасеменов өзінің саналы өмірін спортқа және жас спортшыларды тәрбиелеуге арнаған жан. Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесуде ол өзінің өмірлік жолымен бөлісіп, сүйікті спорты грек-рим күресіндегі қиындықтар мен жеңістері туралы айтты. Жамбыл Тамсеменов – қазіргі Жамбыл ауданының тумасы. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы грек-рим күресінің бастауында тұрған жан. Спорт саласының құрметті қайраткері жас спортшыларды тәрбиелеудің маңыздылығы туралы айтып берді. Оның тәрбиеленушілерінің арасында Маргарита Мұқашева сияқты чемпиондар аз емес. Сондай-ақ, балалар мәртебелі мейманнан қызығушылықтары және мектеп өмірі туралы сұрап білді.

“Ұрпақтар сабақтастығы” жобасы аға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және үлкендерге құрмет көрсетуге бағытталған. Жамбыл Тасеменовпен кездесу оқушылардың шабыттандырып қана қоймай, сонымен қатар облысымыздағы спорттың дамуына елеулі үлес қосқан адамнан даналық пен білім алу мүмкіндігіне айналды.