Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылы салтанатты түрде бастау алды.
Биыл NIS оқушыларының қатары 104 жаспен толықты.
Бүгін алғашқы қоңырау Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 631 оқушысы үшін соғылып, жаңа оқу жылын бастап берді. Бұл балғындардың 104-і NIS оқушыларының қатарына енді ғана толықтырған “Өркен” грантының иегерлері. Оқушылардың білім күнімен мектеп директоры Данияр Уәлиев құттықтады.
– Әр оқушыға жаңа оқу жылында толағай табыстар тілегім келеді. Дегенмен Сіздердің жетістіктеріңіз, оқу жылының өтуі тек өздеріңізге байланысты болатынын ұмытпаңыздар. Белсенді, білімге құмар болсаңыздар, оқу жылы да қызықты әрі табысты өтеді, – деп атап өтті Данияр Уәлиев.
Салтанатты шара барысында жазғы демалыс уақытында адамның өмірін сақтап қалғаны үшін ҚР Төтенше жағдайлар Минстрілігінің «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен және «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ-нан ең алғашқы болып «Қамқор жүрек» марапатыниеленген 9-сынып оқушысы Аслан Гималетдиновке қошемет көрсетілді. 9 сынып оқушысы Әйгерім Беккожинаға Қазақстандық жас патриоттар академиясының жоғары наградасы – “Патриот” төсбелгісі табысталса, тағы бір топ оқушы робототехникадан халықаралық олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысып, көзге түсті.
Алдыңғы толқын – жоғары сынып оқушылары өз ізбасарларына білім кілтін табыстап, қатарларына қабылдаған соң, алғашқы қоңырау сыңғырлап, оқушылар шаңырақ сағаттарына тарқасты. Жоғары сынып оқушылары білім күнінде “Әділетті Қазақстан – адал азамат” атты дөңгелек үстелге ат салысып, маусым айында өткен ұлттық құрылтайдың бағыттары бойынша өз постерлерін жасап, қызықты талқылауларға ат салысты. Кейін мектеп оқушылары үшін жазғы тәжірибе бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Ол жерде оқушылар жазда ауылда, ата-анасының жұмысында өткізген қызықты сәттірмен бөлісті.