Петропавлдық NIS оқушылары “IT Day” шарасында жүлделі орындарға ие болды

“IT Day” облыстық байқауы қаладағы оқушылар сарайында ұйымдастырылды.
Оған Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі командасы да ат салысты. Балалар бұл жарыста жоғары нәтижелер көрсете алды. “Чак-Чак” командасы бірінші орынды иеленді. Команда намысын Арман Нұрышев, Дәмели Төлеубаева, Әйгерім Бекқожина, Сабира Талғатова, Бірлік Айтжан сәтті қорғады. Екінші орын “Назар және оның достары” командасына бұйырды. Команданың құрамына Нұрбатыр Төлеген, Назар Ақанов, Тарлан Шәкенов, Арсен Ғалымжан және Алмаз Мұхамеджанов кірді. Оқушылар төрт қызықты кезеңнен өтіп, үрлі тапсырмаларды орындады. Соның ішінде веб-беттерді құру, графикалық редакторлармен жұмыс істеу, физикалық есептеу және робототехника жарысынан сәтті өткен мектеп оқушылары жүлделі ойындарға лайықты екеніндерін дәлелді. Командалардың жетекшісі – информатика мұғалімі Унзиля Ахмутинова.