CIS халықаралық аккредитациялық ұйым сарапшыларын қарсы алды

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS халықаралық аккредитациялық ұйым сарапшыларын қарсы алды.

Студенттік парламент мүшелері құрметті қонақтарды мектеп өмірімен таныстырды. Шетелдік меймандар оқу кабинеттері, телестудия, интернат, қыш шеберханасы, кітпхана мен оранжереяны аралап көрді.

Экскурсия жүргізген мектепішілік парламент мүшелері сарапшыларға білім беру нысаны туралы толық мағлұмат берді. АҚШ, Италия, Кувейт, Австралия, сынды шет елдерден келген халықаралық комиссия мүшелері бір апта бойы жұмыс істеп, мектебімізің халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестігін тексереді.