Оқушылар халықаралық турнирге шақырту алды

Петропавл қаласындағы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Алматы қаласында өткен «Адам. Жер. Әлем» атты республикалық турнирден ІІ орынды олжалап қайтты.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14 команда қатысты. Оқушылар астрономия, физика, биология пәндерінен берілген тапсырмаларды орындап, өз жобаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қорғады.Жыл сайын өтетін турнирде мектебіміздің намысын осы жолы команда капитаны Вадим Болшебратский бастаған Әмір Сайынжан, Диана Сүлейменова, Алина Самыратова мен Темірлан Рүстем қорғаған еді.

Петропавлдық құрама Қырғызстанда өтетін «Біз – 21 ғасыр зияткеріміз» атты халықаралық турнирге шақырту алды. Айта кету керек, Зияткерлік мектеп оқушылары аталған білім додасына осымен 5-ші рет қатысты. Бесеуінде де жүлделі орындарды жеңіп алды.