NIS оқушысы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі және «Қамқор жүрек» марапатын иеленді

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Петропавлдағы NIS оқушысы Аслан Гималетдиновті Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.

15 жасар Аслан батылдық танытып, батып бара жатқан жасөспірімді ажалдан арашалап қалған.

Сондай-ақ NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин оқушыға «Қамқор жүрек» марапатын табыстады.

NIS және ТМЖ өкілдері Асланның ата-анасы Рустам мен Сандуғаш Гималетдиновтерге ержүрек азамат тәрбиелегені үшін ерекше алғыс білдіріп, жас құтқарушыға естелік сыйлықтар табыс етті.
Аслан Гималетдинов – мектептегі белсенді балалардың бірі, өз ісіне жауапты, замандастырының арасында сыйлы. Ол тек білімімен ғана емес, музыка және спорттағы жетістіктерімен көзге түсіп үлгерді. Домбырада шебер ойнайды, волейболмен айналысады.