Әлия «Discover Kazakhstan» эссе байқауының сертификат иегері

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Discover Kazakhstan»  байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табыстау салтанаты өтті.

«Жастар – қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші» және «Астана – Еуразияның іскерлік және мәдени орталығы» тақырыбында өткен ағылшын тілінде эссе жазу сайысына Қазақстанның жалпы білім беретін және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9-12 сыныптарының оқушылары қатысты.

Марапатту рәсіміне жиналғандар  «Jeopardy» ойынына қатысты. Екі топ мүшелері жүргізушілердің қойған сұрақтарына жауап беріп, ой ұшқырлығы мен ағылшын тілін білу деңгейлерін көрсетті. Кездесу «БЭСТ» гимназиясының оқушылары Ванг Лии мен Ксения Пантелеева және Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті Әлия Қойшинаға  «Discover Kazakhstan» эссе байқауына қатысқаны үшін берілген сертификаттарды табыстаумен аяқталды. Олардың еңбектері Қазақстандағы Жастар жылына орай жарық көрген «Discover Kazakhstan» эссе жинағына енді.