Бизнес жобалар байқауы

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11 сынып оқушыларының арасында жыл сайынғы бизнес жобалар байқауы өтті.
Байқау оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту және қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуде креативті көзқарас білдіру мақсатында өткізіледі. Биыл балалар 12 жобасын ұсынды. Ұсынылған идеялардың қатарына азот оксидінің седациясы, арқаны қалыптастыруға арналған фиксатор, “zCase” ақылды таблетка қорабы, қоқысты сұрыптауға арналған “CRONG” жүйесі, SSB қауіпсіздік сақинасы, HCTank — жылыту және салқындату сыйымдылығы және басқа да көптеген маңызды жобалар бар.

— Жобаларды қорғау кезінде оқушылар кәсіпқойлармен қарым-қатынас жасап, жобаларының маңызды аспектілеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастрылып, әр жоба өзінше ерекшеленді. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылар ұсынған қаржылық есептерді ерекше атап өтті, — дейді Петропавлдық NIS-тің экономика мұғалімі, э.ғ. к. Гүлзай Абдулова.

Сондай-ақ, әр жоба бойынша оқушылар салық режимін мұқият ойластырып, негізделген дәлелдер ұсынды.
Қазылар алқасының құрамына “Даму “кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ директорының СҚО бойынша орынбасары Арман Менжесаров, Солтүстік Қазақстан университетінің “Экономика және есеп” кафедрасының доценті, э.ғ.к. Оксана Копылова, Солтүстік Қазақстан университетінің Академиялық қызмет департаментінің директоры, э.ғ.к. Майра Валиева кірді. Байқау қорытындысы бойынша азот оксидінің седациясын ұсынған Жанель Искакова мен Айша Қайыргелдина бірінші орынды иеленді.