Білім басқармасының басшысымен кездесу

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Назир Жашибеков Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмысымен танысты.

Мектепке келген облыстық білім басқармасының басшысын мектептің өмірімен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары таныстырды. Назир Жашибековке мектепте жасалған жағдайлар көрсетіліп, негізгі жетістіктер туралы айтылды. Мейман жатақханадағы жағдаймен, медициналық блоктың, шығармашылық және өнер кабинеттерінің жұмысымен танысып, спорт залына бас сұқты.
Кейін мемлекеттік қызметші “Даналық бейсенбісі” шарасына қатысып, оқушылардың сауалдарына жауап берді. 7-8 сынып оқушылары отандық білім беру саласындағы соңғы өзгерістер туралы сұрап білсе, болашақ түлектер жоғары оқу орындары туралы сауалдарын қойды. Кездесу соңында Назир Жашибеков оқушыларға өз кеңестерін беріп, сәттілік тіледі.