Ата-аналар жиналысы

Петропавлдық NIS-те ата-аналар жиналысы өтті
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс ұйымдастырылды. Бұл олардың NIS қабырғасындағы алғашқы кездесуі болды.

Биыл Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының қатарын “Өркен” грантының тағы 104 иегері толықтырды. Оқушылар жаңа мектептеп бірнеше апта көлемінде танысып үлгерсе, ата-аналар үшін бұл жиын балаларының жаңа оқу орнымен танысуға керемет мүмкіндік болды. Кездесу қызықты көрмеден басталды. Онда мектеп оқушылары қонақтарға зертханалық тәжірибелер ұсынып, өз қолдарымен әзірлеген робот-машиналарын, қолөнер бұйымдарын паш етті. Бұл көрме ата-аналарға мектептегі көптеген іс-шараның бір бөлігін болсын, байқауға мүмкіндік берді.

Акт залында ата-аналарды мектеп директоры Данияр Уәлиев пен директордың орынбасарлары қарсы алды. Ата-аналар жиналысы TED Talks форматында ұйымдастырылып, жиналғандарға Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі балалардың білімі мен даму үрдісіне тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Жиналыс аясында оқушылардың оқуға түсу нәтижелеріне талдау жүргізіліп, ықтимал тәуекелдер мен мүмкіндіктер талқыланды.

Жиналыста тәрбие мен құндылықтар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналарға мектеп пен ата-аналардың әр баланың қалыптасуындағы, оның әлеуетін арттырудағы бірлескен жұмысының маңыздылығы туралы еске салынды.

Жоғары сынып оқушылары де өз әсерлерімен және жетістіктерімен бөлісті. Олар ата-аналарға құнды кеңестер берңп, өз ізбасарларын да жаңа жетістіктерге шабыттандырды.
Сондай-ақ, осы жерде концерт ұйымдастырылып, онда қазіргі 8 сынып оқушылары ән айтып, би биледі. Бұл – мектеп оқушыларының бір жылда қандай жетістіктерге жете алатынын көрсетудің тамаша тәсілі.
Кейін ата-аналар жиналысы кабинеттерде жалғасып, онда Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқытудың маңызды аспектілері талқыланды. Ата-аналар өз сұрақтарын қойып, балаларының білімі мен тәрбиесі қалай ұйымдастырылатыны туралы жекелей ақпарат алды.