Ардақты аналарға арналған ерекше күн

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өздерінің сүйікті аналары үшін ерекше мереке ұйымдастырды.
Мектепке кіре берістен бастап әр ананы ондаған оқушы салтанатты түрде музыка мен әндермен қарсы алды. Кейін барлық аналар мектептің жас актерлері сахналаған «Алғашқы махаббат» комедиясын тамашалады. Бір жарым сағат бойы бар ана шын жүректен күліп, балаларының таланттарына тәнті болды.

Бұдан кейін мектептің әр шаңырағы ата-аналарына қызықты шеберлік сабақтарын өткізді. Аналар мен балалары бірігіп, кенеп, қағаз, мата және басқа материалдарды пайдаланып, қолөнер саласының түрлі жанрында өз мүмкіндіктерін байқады. Макияж, майшам жасап, сабын құйған, тілектер картасын жасаған, киіз басып, ұлттық зелетке мен сөмкелер тіккен аналар да тағы бірнеше сағатын керемет-көңіл күйде өзкізді.

Бұл күніпПетропавлдық NIS-тің аналары шынымен күнделікті күйбең тірліктен тынығып, ұмытылмас тәжірибе алды. Ең бастысы, олардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмады — аналар естелік кәдесыйлары мен ұл-қыздары — Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының шексіз сүйіспеншілігіне ие болды.