«Galymdar» жобасы аясындағы кездесу

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Galymdar» жобасы аясында жас ғалым, канадалық University of Albert түлегі Дәурен Қалиасқармен кездесу өтті.
Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, жас ғалым, агрохимик Дәурен Қалиасқар топырақтану және аграрлық сала тақырыбына маманданған. Мектепті бітіргеннен кейін ол төрт жыл С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да агрохимия мамандығы бойынша оқыған. Одан әрі «Болашақ» бағдарламасы бойынша University of Albert осы мамандық бойынша білімін жалғастырды. Оқуды сәтті аяқтаған жас ғалым Қазақстандағы ғылыми және агроөнеркәсіптік компанияларда жұмыс істеп келеді. Оқушылармен және мектеп ұжымымен кездесуде Дәурен агрохимик мамандардың болашағына тоқталды.

— Жыл сайын әлемдегі саны өсуде, сондықтан қазір бүкіл жер жүзінде экологиялық таза өнімдерге көшу үрдісі өзекті болып отыр. Топырақты құнарландыру, өсімдіктердің өсуі мен ауруларын зерттеу туралы ғылым болмаса, бар адамзатты тамақпен қамтамасыз ету мүмкін емес. Осы себепті аталған саладағы жұмыс спектрі орасан зор және оған алда зерттеулер мен жаңа технологиялар қажет болады, — деп атап өтті Дәурен Қалиаскар.

Жас ғалыммен кездесуде оқушылар топырақтану саласында бизнес жүргізудің басқа да мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Дәурен оларға өзінің стартап жобасы туралы айтып берді. Қазір жерлесіміз топырақты өңдеу мен өсімдіктерді ұрықтандыру, егістіктерді цифрландыру бойынша цифрлық бағдарламаларды әзірлеу бойынша қызметтер көрсететін қосымшаны әзірлеушілер тобында жұмыс істейді. Сондай-ақ, кездесуде ол балаларға СҚО, Канада, Италияның әдемі пейзаждарын көрсетті. Өйткені, агрохимиктер түрлі елдерге саяхаттап, табиғатты, әдемі пейзаждарды зерттей алады. Сонымен қатар олар интеллектуалды түрде дамиды, жаңалық ашып, ғылымға үлес қосады.
– Ғылым саласында гранттар өте көп. Бірде мен грант жеңіп алып, Тәжікстанда жұмыс істедім. Онда жаһандық жылыну жағдайында өрік пен цитрус жемістерінің өзгеруін зерттедім. Бұл керемет тәжірибе болды, мен жергілікті халықтың мәдениеті мен дәстүрлерін де білдім, үлкен ғалымдармен таныстым, — деп бөлісті Дәурен, — бірақ сонымен бірге Қазақстанда ғылым Канадада немесе Еуропадағыдай дамып жатқан жоқ. Зерттеулер жүргізу үшін қаржыландыру әлі де жетіспейді. Алайда, қазір жеке бизнес ғылымға белсенді түрде инвестиция салуда.

Жас ғалым оқушыларға құнды кеңестерін беріп, балаларды жоғары жетістіктерге жетуге ынталандырды. Қазір жерлесіміз — EcoSave компаниясының жетекші зерттеушісі. Ол сондай-ақ University of Albertа докторантурасына түсіп, зерттеу жұмысын жалғастыруға дайындалуда.