Жүз ән

Мектебімізде «Жүз ән» жобасы аясында музыкалық сайыс ұйымдастырылды.

Бірінші тур «Әнді сүйсең, менше сүй!» деген атауға ие болды. Оның шартына сәйкес, жасырылан сұрақтарға жылдам жауап берген командалар жоғары ұпайға ие болды. Сайыстың екінші бөлімінде түрлі өлең жолдары оқылып, қатысушылар шығарманың атауын тапты.

Ал үшінші кезең тіпті қызық болды. Экранда суреттер арқылы жасырылған әнді табу үшін командаларға біраз ойлануға тура келді. Музыкалық сайыс қызықты әрі тартысты өтті.

Қазылар алқысаның шешімімен 1 орынды «Ұрпақ» шаңырағы жеңіп алды. «Өркен» тобы 2-ші орынға қол жеткізді. 3-ші орын «Есіл» шаңырағына бұйырды.