Үздіктер анықталды

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде І тоқсанның қорытындылары шығарылды. 

 

2021-2022 оқу жылының бірінші тоқсанында оқушылар алуан түрлі шараларға қатысты. Олардың ішінде “Туған елге тағзым” жобасы да бар. Салтанатты шара барысында жобаның қатысушылары – өткен жылдың үздіктері – “Керуен” және “Сәбит Мұқанов” шаңырақтарының оқушылары арнайы сертификаттарға ие болды.

Ал жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында “Бонус NIS” рейтингі негізінде 1-орын “Ұрпақ” шаңырағына, 2-орын “Керуен” шаңырағына және 3-орын “Сәбит Мұқанов” шаңырағына берілді. 

 

Сонымен қатар, І тоқсанның қорытындысы бойынша оқуда үздік нәтижелерге қол жеткізген оқушылар да алғыс хаттарға ие болды.