“Үздік оқырман – 2019” сайысы ұйымдастырылды

Мектебімізде «Үздік оқырман – 2019» сайысының ашылу салтанаты өтті.

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық құрамнан “үздік оқырман” деп танылған Ділбар Бостандыққызы мен Арман Мәлікұлы оқушыларға кітап оқу мәдениеті жайында айтып берді. Оқушылар қатарынан Төкен Мерей, Жангелді Дархан, Капарова Аружан және Жұмағайыр Даниал тыңдармандарға өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтары жөнінде айтып берді.


Сайыс аясында оқушылар «Кітап оқудың пайдасы» жөнінде бейнежазбалар, «Тарихтағы ең мықты оқырман» туралы презентациялар әзірлеген болатын. Шара соңында ең үздік жұмыстардың авторлары марапатталды.