ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА – 2020

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спартакиада – 2020» сайысы ұйымдастырылды.

Жарыс 4 кезеңнен тұрды: шағын эстафета, жүгіру, шаңғымен сырғанау, пневматикалық мылтықтан ату. Сайысқа 6 команда қатысты: «СҰҢҚАР», «ИМПУЛЬС», «SPORTIKI», «3-ші РОТА», «ҚЫЗЫЛЖАР» және «GGG».

Балалар спорттық сайыстардан сынға түсіп жатқан уақытта ата-аналар өзбек ұлтының палауын басып, қазақтың бауырсағын пісірді.

Жарыс қорытындысы бойынша «3-ші РОТА» 1-ші орынға ие болды. 2 орынды «ҚЫЗЫЛЖАР» командасы жеңіп алса, «Сұңқар» 3-ші орынды місе тұтты.