Виртуалды мектеп

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау науқаны аяқталды.

Келесі оқу жылында осы білім ошағында оқығысы келетін қазіргі 6 сынып оқушылары енді сәуірдің 14-15 күндері математика, сандық сипаттамалар, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен кешенді тестілеуге қатысатын болады. Бұл маңызды сынақтан сүрінбей өту үшін алдын-ала дайындықтың маңызы зор. Назарбаев Зияткерлік мектебіне түскісі келетін оқушыларды алдын-ала дайындау үшін білім ошағында бірқатар жобалар қарастырылған. Солардың бірі – Виртуалды мектеп. Бұл арнайы сайтта орналасқан білім порталы. Наурыздың 28 мен мамырдың 15 аралығында облысымыздағы кез-келген 5 сынып оқушысы vs.nis.edu.kz сайтында тіркеліп, пәндер бойынша онлайн оқытудан өте алады. Сәуірдің 11 мен мамырдың 15 аралығанда барлық материалдармен танысып, ағымдағы бағалау тапсырмаларын орындаған оқушылар кейін қорытынды тестілеуге қатыспақ. Виртуалды мектеп NIS-тің болашақ оқушыларына кешенді тестілеумен танысып, оған алдын-ала қамдануға мүмкіндік береді.