Tыл еңбеккерлеріне барды

9 мамыр қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары тыл еңбеккерлеріне барды.

Кездесулер барысында көпті көрген қариялар балаларға жеңіске жетудің ұзақ жолы, оның қаншалықты ауыр және қиын болғаны туралы баяндады. Жеңіс шексіз адам шығыны есебінен келді. Майдангерленмен қатарласып, тыл еңбеккерлері де жеңіске үлкен үлес қосты. Олар ауыл шаруашылығымен, жүк тасымалдаумен, майданға қару-жарақ шығарумен және оны армияға жеткізумен қалай айналысқанын айтып берді. Оқушылар сол кездің куәгерлерінен өмірдің қиын жағдайлары, ауыр жұмыс, аштық, туған туыстан айрылу туралы ащы шындықты естіп, тарихқа көз жүгіртті.