“Туған елге тағзым”

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ірі жобаларының бірі – «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы биыл да жалғасын тапты.Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша әр мектепте үздік шаңырақтар анықталып, 20 топ қазақ елінің түкпір-түкпіріне саяхат жасайды

 
Барлығы 240-тан астам шәкірт Қазақстанның 10 шаһарымен танысады. Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Өркен» шаңырағына Атырау қаласына жол түсті.

Теміржол вокзалында қызылжарлық меймандарды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қарсы алып, экспедицияның қызықты өтетініне сенім білдірді.