«Тәтті кітаптар» фестивалі өтті

Кітап – білім бұлағы. Оны тек оқып қана қоймай, жеуге де болады. Қалай десеңіз, біздің студенттерден сұраңыз.

Жас ұрпақтың бойында кітап оқуға, білім алуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тәтті кітап» байқау-фестивалі ұйымдастырылды. Аталған шара «100 кітап» жобасы шеңберінде өткізілді.

Ерекше байқауға әр шаңырақтан 3 оқушы, ата-ана мен куратор қатысты. Аспаздың киімін киген сайыскерлер өздеріне берілген уақытта кітап формасындағы торт, тоқаш сынды тағы басқа тағмдар әзірлеп, қазылар алқасының алдында презентеция жасады.

Фестивальға келгендер «тәтті кітаптардың» дәмін татып көріп, жоғары баға берді. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабын жасаған «Есіл» шаңырағының торты үздік деп танылды.