“ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ”

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен ата-аналар комитеті Солтүстік Қазақстан облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.

«Немерем білім алып жүрген Зияткерлік мектеп ұжымына алғысым шексіз. Үнемі бізге қуаныш сыйлап, құрмет білдіріп жатады. Аталған білім ордасының оқушылары «зияткер» атағына әбден лайық. Мұндай ұрпақ өсіп келе жатқанда еліміз болашаққа алаңсыз қадам басатынына сенімдімін! Отбасыларыңыздағы аға буын өкілдерін бүгінгі мерекемен құттықтаймын, ешқашан ауырмай, бақытты ғұмыр кешіңіздер», – деді мектеп қауымдастығына алғысын білдіргер денсаулық сақтау саласының ардагері Бейбіт Мұстафина.