Петропавл қаласы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасынан оқушыларға орын беру тәртібі бойынша ата-аналарға арналған НҰСҚАУЛЫҚ

НҰСҚАУЛЫҚ

 

2020-2021 оқу жылында оқушыларға жатақханадан орын берілуі үшін ата-аналардан /заңды тұлғалардан/ арыз  бен тиісті құжаттар 2020 жылдың 01.09 – 15.09 аралығында қабылданатынын ескертеміз.

Құжаттарды қабылдау онлайн түрде өтеді. Өтініштер мен құжаттарды мектеп поштасына info@ptr.nis.edu.kz жіберулеріңізді сұраймыз.

Құжаттарды қабылдау күндері және уақыты:

дүйсенбі – жұма: сағ.09:00- 17:00; сенбі күні сағ. 09:00 – 15:00,   үзіліс сағ. 13:00 – 14:00.

Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру Ережесіне сәйкес  хаттама (№ 23, 11 маусым 2020 жыл) жатақхана білім алу кезеңінде баспанаға мұқтаж «Өркен» грантының иеленушілеріне беріледі.

Арыз бергенде оқушының заңды тұлғасы келесі құжаттарды бірге тапсырады:

1) туу туралы куәліктің көшірмесі, ЖСН көрсетілген туу туралы куәлікке қосымша беттің көшірмесі және оқушының жеке куәлігінің көшірмесі;

2) оқушының заңды өкілдерінің жеке куәлігінің көшірмесі;

3) egov.kz электрондық үкімет порталынан оқушының және оның заңды өкілдерінің тіркелген мекенжайы бойынша деректер (скриншот). Өтініш берілген күні сол мекенжай бойынша тіркелгеніне кемінде 1 (бір) жыл уақыт өтуі керек. Бұл талап басқа қалалар мен ауылдарда тұратын оқушыға және оның заңды өкілдеріне қатысты.

Басқа жағдайларда (мекенжай бойынша тіркелгеніне 1 жылдан кем болған жағдайда) төмендегі құжаттарды ұсынады:

– жұмысы ауысып, басқа жерге жақын арада көшкен жағдайдаміндетті түрде жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама;

– басқа да отбасылық жағдайларға байланысты басқа жерге көшкен жағдайда egov.kz электрондық үкімет порталының деректер базасынан растайтын құжаттар немесе білім алушының және оның заңды өкілдерінің нақты тұрғылықты жері көрсетілген кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

4) оқушының заңды өкілдерінің жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама немесе ата-ананың (баланың заңды өкілінің) жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын өңірдің, елді мекеннің жергілікті атқарушы органның анықтамасы;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен соңғы 6 ай ішінде берілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат;

6) егер оқушы көп балалы отбасынан шыққан болса, басқа кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі және кәмелетке толған балаларына күндізгі оқу формасында оқитыны туралы оқу орнынан анықтама;

7) егер оқушы немесе оқушының заңды өкілдері І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер болып табылса, заңнамада белгіленген форма бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

8) аз қамтылған азаматтар үшін – өтініш беруші және оның отбасы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатынын растайтын анықтама;

9) ішкі істер органдары, жергілікті атқарушы органдар беретін, өтініш берушінің және оның отбасының қолайсыз отбасы ретінде есепке алынғанын растайтын анықтама (болған жағдайда);

10) егер оқушы толық емес отбасынан шыққан жағдайда, оқушының ата-анасының біреуінің жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмесі (қайтыс болғаны туралы, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі, № 4 нысан).

 

Мекен-жайымыз: Петропавл қаласы, Ы.Ыбраев көшесі, №22 А ғимараты,

Петропавл қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Байланыс телефоны: 8 (7152) 559722-қабылдау бөлмесі, 8 (7152) 559725-жатақхана

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл қаласындағы

химия – биология бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

директорының м.а.  Д.С. Уалиевке

 

________________________________________

(заңды өкілдің ТАӘ)

тұрғылықты мекен-жайы: __________________

__________________________________________________________________________________тел.______________________________________

 

Өтініш

 

Сізден менің балам ________________________________________________

(ТАӘ)

20__/20__ оқу жылына Петропавл қаласындағы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасынан тегін негізде орын беруіңізді сұраймын.

Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Осы өтінішке қол қоя отырып, ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына жауап беремін.

Осы өтінішке қол қоя отырып, Комиссия мүшелеріне менің отбасымның тұрмыстық жағдайын көруге және актілеуге, отбасымдағы психологиялық жағдайды анықтауға рұқсат беремін.

__________________________________________         _______________________

(оқушының заңды өкілінің ТАӘ)           (қолы)

 

Мерзімі: ___________Уақыты:_____________