Олимпиаданың екінші орын жүлдегері

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Аңсар Тлепбергенов жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші орын жүлдегері атанды. Аңсар мектебіміздің намысын химия пәні бойынша сәтті қорғап оралды. Жалпы NIS мектептері кезекті рет ең үздік олимпиадалық команда атанды.