Олимпиада нәтижелері: Петропавлдық NIS оқушылары жүлдегерлер қатарында

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 13 оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде үздік нәтижелер көрсетті.
NIS мектептерінің оқушыларымен өткен білім додасында олар 4 күміс және 9 қола медаль еншіледі. Аружан Иклас ендігі кезекте олимпиаданың келесі кезеңіне ат салысып, онда жалпы білім беретін мектептердің облыстық кезеңнің жеңімпаздарымен бәсекелесе алады.
Айта кетейік, оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, Қазақстан тарихы мен информатика пәндерінен жоғары нәтиже көрсетті.
Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
1. Иклас Аружан – 2 орын (Орыс тілі)
2. Талғатова Сабира – 2 орын (Орыс тілі)
3. Бекишева Томирис – 3 орын (Орыс тілі)
4. Ибраева Сабина – 3 орын (Орыс тілі)
5. Анохина Ольга – 3 орын (Орыс тілі)
6. Жангелдиева Томирис – 3 орын (Ағылшын тілі)
7. Рысбек Ринат – 2 орын (Қазақстан тарихы)
8. Ашкенов Али – 3 орын (Қазақстан тарихы)
9. Қасым Камила – 2 орын (Қазақстан тарихы)
10. Боранбай Ләйлім – 3 орын (Қазақ тілі )
11. Тоқтар махаббат -3 орын (Казақ тілі)
12. Мусин Дидар – 3 орын (Информатика)
13. Төлеген Нұрбатыр – 3 орын (Информатика)