Олимпиада алқалары

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды.

Үстіміздегі жылдың 18-21 сәуірі аралығында Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алты оқушысы республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан болатын. Білім додасының қорытындысы бойынша мектеп оқушысы Аруай Күдерова он бірінші сынып оқушыларының арасында үздік атанып, ағылшын тілінен бірінші орынды жеңіп алды. Өткен оқу жылында дәл осындай республикалық кезеңде мектеп тәрбиеленушісі екінші орынды иеленген еді. Мектеп қоржынында олимпиаданың қола жүлдесі де бар. Аруайдың сыныптасы Нұрсат Керей өткен жылғы нәтижесін қайталап, биология пәнінен үшінші орынға қол жеткізді.