Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша желілік спартакиада

Еліміздің барлық NIS мектептерінде тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша желілік спартакиада өтіп жатыр.
Оған Назарбаев Зияткерлік мектептерінен үш жас санаты бойынша 94 оқушы ат салысуда. Петропавлдық зияткерлік мектебінінің намысын төрт талапты оқушы – Биайым Қамит, Елхан Габбас, Амина Головина және Серік Жанбатыр қорғап келеді.
Тоғызқұмалақ – NIS мектептері үшін нағыз дәстүрге айналған ұлттық үстел ойыны. Іс-шара РlayОk платформасында рапид бойынша онлайн форматта ұйымдастырылған.