NIS оқушыларының 7 ғылыми жобасы үздіктердің қатарында

Петропавлдық NIS тәлім алушыларының 7 бірдей ғылыми жобасы жүлделі орынға ие болды.
Мектеп оқушыларын желілік ғылыми жобалар байқауындағы жетістіктерімен құттықтаймыз! Бұл — балалардың жоғары білім деңгейін, қажырлы еңбегін және тынымсыз ізденісінің нәтижесі.

Жүлделі орындардан көрінген оқушылар:
Гауһар Әбжан мен Аружан Омарова “Пустулдарды емдеуге арналған биологиялық ыдырайтын патчтар жасау” 3-орын
Елдос Жангелді “Құрақ жасау мәдениетін заманауи емір сұраныстарына байланысты популяризациялау” 3-орын
Карина Малик пен Мидина Мизамбаева “Менкесер көлінің сульфидті балшығының негізінде емдік әсері бар денеге арналған косметикалық маскалар жасау” 3-орын
Асхат Әбілмәжін “Инттелектуалды ойын арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғырту мүмкін бе?”
Александр Шерстобитов пен Азат Қабиден “Жасанды интеллект негізінде тері ауруларын тануға арналған DAI -бот” 2-орын
Сұлтан Балағанов “Smart Trashbot” 2-орын
Әлихан Мұратқазы мен Төлеген Жігер “Үстел және топтық ойындардың когнитивтік функцияларды сақтауға және өмір сүру деңгейін жақсартуға әсері” 1-орын.
Айта кетейік, Әлихан мен Төлегеннің үстел және топтық ойындардың адамның когнитивтік функцияларды сақтауға және өмір сүру деңгейін жақсартуға әсері туралы жұмысы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің атынан республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысатын болады.