НҰРГҮЛДІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІ

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Нұргүл Жұмашева республикалық ғылыми жобалар байқауында ІІ орынға ие болы.
Ол Қазақстанның ең мықты оқушыларының басын қосқан дәстүрлі білім додасында «Жер және Ғарыш жайындағы ғылым» секциясында 2007-2020 жылдар аралығындағы солтүстік жарты шардағы мезосфералық бұлттылық динамикасы жайында еңбегін қорғады.
«Мен жарты шарды 12 бөлікке бөлдім. Әрбір сектор бойынша күміс түстес бұлттардың түзілуін, нақты айтқанда жылсайынғы өзгерісін зерттедім. Нәтижесінде Mathcad бағдарламасының кодын пайдалану арқылы әрбір секторда бұлт түзілуінің асимметриялық графигін шығардым. Бұл тақырып ғалымдар тарапынан жіті зерттелмегендіктен, атмосфера физикасы саласына қосқан үлесім деп білемін. Бұл құбылысты зерттеп жүргеніме 2 жыл болды. Ғылыми жетекшім Дина Құдабаева мені астрономиялық физика жолына бағыттады. Қазір ұстазым және бірнеше шетелдік ғалымдармен бірге халықаралық ғылыми журналға мақала әзірлеп жатырмыз», – деді Нұргүл.
Ученица 12 класса Назарбаев Интеллектуальной школы города Петропавловска Нургуль Жумашева заняла ІІ место в республиканском конкурсе научных проектов. В нём приняли участие лучшие школьники Казахстана. В своем научном проекте в секции «Наука о Земле и Космосе» Нургуль рассказала о динамике мезосферной облачности в северном полушарии в период 2007-2020 гг.