Мөңке күні ұйымдастырылды

Жаңа оқу жылында Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде з оқушылар мен олардың ата-аналары үшін ерекше шара – Мөңке күні ұйымдастырылды.
Лебяжье көлінің жағасында өткен іс-шара оқушылар мен олардың ата-аналарынан құралған 20 команда ат салысты.

Мөңке күні – табиғат саясында тамаша уақыт өткізіп, балық аулаудың ғана емес, сонымен қатар отбасылық құндылықтардың маңыздылығын айшықтайтын, оқушылар, ата-аналар мен мектеп арасындағы әріптестікті нығайтатын тамаша мүмкіндікке айналды. Мектеп директоры Данияр Уәлиев оқушылар мен олардың ата-аналары, сондай-ақ білім беру мекемесі арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ол отбасы мен мектеп арасындағы табысты ынтымақтастық оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімдірек процесіне ықпал ететінін атап өтті.
Биыл қызықты шара Қызылжар ауданының Лебяжье көлінде ұйымдастырылды. Балық аулауға барлығы 20 команда жиналды. Олардың арасында 11 сынып оқушысы Даниал Қамит пен оның әкесі Омар Биманов та бар. Мектептегі шарадан шабыт алған ұлы мен әкес, алда тағы қармақ салып, қысқы балық аулауға да шығуды жоспарлап отыр.
– Біз осы іс-шараға екінші жыл қатарынан қатысып отырмыз. Мен мектеп басшылығына, шараны ұйымдастырушыларға ризамын. Шынында да, бұл күн ұлым екеуімізге жақсы мүмкіндік болды. Кейде әртүрлі жағдайлар болады. Бүгін мәне, өзара отырып, әңгімелесуге, сырымызды тарқатуға жақсы мүмкіндік туды, – деп бөлісті Омар Биманов.
– Маған шара ұнады. Ауа-райына қарамастан, балық аулап, керемет уақыт өткіздік, – деді Даниал.
Балық аулауға қатысу үшін негізінен әкелер шыққанымен, баласын қолдап, қайыққа мінген аналар да табылды. Командалар үш сағат бойы балық аулаған кезде, жағада қалған жанкүйер аналар түрлі тағамдар әзірледі. Іс-шара соңында барлығы дастарханға жиналып, ашық аспан астында дайындалған тағамдардан дәм татты.
Біз “Есіл” шаңырағын қолдап қатыстық. Салқын ауа-райына қарамастан, бүкіл отбасымызбен қызымызды қолдауға келдік. Әкесі де, қызы да өте қызықты өткенін айтып отыр. Көңілімізден шықты, – деп атап өтті Ләззат Елемесова.