«ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА, ЫСТЫҚ ЫҚЛАСПЕН»

Өткен жылы «Білімді Ел» республикалық газеті жариялаған «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықласпен» атты жоба биыл да жалғасын тапты.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинованың атынан Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласының ардагері Жангелді Тажинге «Білімді Ел» газетіне бір жылға жазылуға арналған сертификат табысталды. Кәсіби мереке қарсаңында ерекше сыйлыққа ие болған ұлағатты ұстаз білім беру ұйымының ұжымына шексіз алғысын білдірді.