Курстар мен үйірмелер жәрмеңкесі

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде элективті курстар, үйірмелер мен студенттік клубтардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бұл күні 7-12 сынып оқушылары жаңа оқу жылын қызықты әрі пайдалы өткізіп, тың мүмкіндіктер әлемін ашу үшін мектеп ауласына жиналды. Жәрмеңкеде олар 38 элективтік курс, 44 үйірме және 5 студенттік клубтың ішінен көңілдерінен шыққанын таңдай алды.
Яғни алдағы уақытта оқушылар өнер мен ғылымнан бастап, спорт пен кәсіпкерлікке дейінгі салаларда өз әлеуетін аша алады. Бұл үйірмелер мен курстардың барлығы балаларға сабақтан кейінгі уақытта оқу жылының өне бойында қол жетімді болмақ
Жәрмеңкеде ұстаздар мен студенттік клубтардың өкілдері көптеген қызықты стендтер мен презентацияларын ұсынды. Ал оқушылар сол жерде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әр курс, үйірме немесе клуб туралы қажетті ақпаратты алды. NIS-тің әр оқушысы бұл күні жанына жақын істі таңдап тарқасты.