Impact олимпиадасында бірінші орын

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Ербол Жүнісов IMPACT Olympiad – математика, физика және информатика мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының халықаралық шығармашылық байқауында бірінші орынды иеленді.

Конкурста ол информатиканы оқыту бағдарламаламасы бойынша ұсынылған барлық тапсырмаларды, сондай-ақ әдістемелік блоктың “дайын шешімдерде” кеткен қателерді табу тапсырмаларын сәтті орындап шықты.
Байқау жыл сайын өткізіледі. Биыл оған петропавлдық NIS-тің 4 педагогы ат салысты.