Гонконг қалалық университетінің толық гранты

Дидар Мусин Гонконг қалалық университетінің толық грантының иегері атанды

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Дидар Мусин Гонконг қалалық университетінің конкурстық іріктеуінен сәтті өтіп, оқу орнының толық грантын иеленді. Ол алдағы уақытта “Computational Finance and Financial Technology” мамандығы бойынша білім алмақ.
Айта кетейік, Гонконг қалалық университеті жоғарғы оқу орындарының әлемдік рейтингінде (World QS Ranking) 54-ші және университеттердің Азиялық рейтингінде 23-ші орында тұрақтаған. Бұл ғылыми-зерттеу және жоғары білім беру саласында жоғары беделі бар, әлемдік деңгейде қарқынды дамып келе жатқан оқу ордасы.