Family club іс-шарасы

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде “100 кітап” жобасы аясында Family club іс-шарасы өтті.

Әдеби-танымдық жиынға 9с сыныбының оқушылары мен олардың ата-аналары ат салысты. Тәлімгерлер бұл жолы “Қыз Жібек” шығармасын талдады. Ол үшін сынып оқушылары екі топ – Төлеген және Жібек құрамаларына бөлініп, поэма бойынша әзірленген викториналық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, олар шығарманың желісін бейнелейтін суреттерді дұрыс орналастыру және шығармадағы көркем сөздердің мағынасына қарай сөйлемдер құрастыру сияқты тапсырмаларды орындап, өздерінің көркем шығарманы қаншалықты жақсы білетіндерін көрсете алды.  Сайыстың қорытындысы бойынша  Төлеген тобы бірінші орыннан көрінді.