Ең үздік спикер

Петропавлдағы Зияткерлік мектеп оқушысы Тамирлан Мейрам еліміздің үздік спикері атанды
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Тамирлан Мейрам ұлттық пікірсайыс турнирінде «Ең үздік спикер» деп танылды.
Елордада Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған мектеп оқушылары арасында республикалық дебат турнирі аяқталды. Еліміздің барлық облысынан жиналған 30-дан астам үздік спикердің ішінен Петропавл қаласындағы NIS оқушысы Тамирлан Мейрам жеңімпаз атанды.

Тамирлан мектептегі «Император» дебат клубының мүшесі болып табылады, ол қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжан Тұрсыновтың жетекшілігімен табысты нәтиже көрсетіп келеді.