Әдеби кеш өтті

Тілдер апталығы аясында ақын Төлеген Айбергеновке арналған «О, адамдар, біргемін мен сендермен!» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Басқосу Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жаңа оқу жылында іске қосылған «Ұлы дала ақындары» атты жобана орайластырылды.

Оның аясында барлық зияткерлік мектептердің оқушылары қазақтың танымал ақындарының шығармашылығын оқып, поэзия тұнығына бойлайды.

Әдеби кеш барысында Төлеген Айбергеновтың өлеңдері оқылып, ақынның шығармашылығы мен өмірі жайында викторниналық ойын өткізілді. Көрермендерге ақын жайлы фильм көрсетілді. Шараға қатысушылар поэзиямен сусындап, мол рухани азық алды.