Баламалы энергия көздері: Қазақстанда оны пайдалану мәселелері мен перспективалары

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 9-сынып оқушыларына «Орыс тілі» пәні бойынша 3 тоқсанда оқылатын үш бөлімінің бірі – «Жер планетасының ресурстары» деп аталады.
Бөлім аясында 9 сынып оқушылары «Баламалы энергия көздері: Қазақстанда оны пайдалану мәселелері мен перспективалары» тақырыбымен танысқан болатын. Тақырыптың жалғасына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Новоникольск ауылына балалар үшін ұйымдастырылған экскурсия айналды. Бұл елді мекенде “Зенченко и К” командалық серіктестігі ауылды энергиямен қамтамасыз ету үшін жел генераторларының мүмкіндіктері ұзақ уақыт бойы табысты пайдаланып келеді. Балалар «Зенченко және К» КС инженерлерімен кездесіп, жел генераторлық қондырғылар жұмысының ерекшелігіне қатысты өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды. 9-сынып оқушылары жел генераторының құрылғысын ішінен көріп, Қазақстанда «жасыл энергетика» қағидаттарын іске асыру мүмкіндіктеріне көз жеткізді.