АЯҚДОП ШЕБЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Даналық бейсенбісі» жобасы аясында мектебімізге «Қызылжар» футбол командасының капитаны Ильдар Аиов келді.

Спорттық ұжым үшін биылғы маусым сәтті аяқталғанын атап өткен жөн. Футболдан Қазақстан бірінші Лигасында «Қызылжар» үздік нәтижеге ие болды. 58 ұпай жинаған спорт клубы жеңімпаз атанды.


Ильдар аталған клуб құрамында 250 рет өнер көрсеткен. Оқушылар құрметті қонақтан футбол жайында көп сұрады. Облысымызға атақты аяқдоп шебері оқушылар ұсынған допқа өз қолтаңбасын қалдырды. Кездесу соңында студенттер спортшымен естелік суретке түсті.